Астанада ер адам бөтелкемен жылы аялдаманың әйнегін сындырған

Астанада жылы аялдамаға зақым келтірген тұрғын анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 17:59 Сурет: видео скрині
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері қалалық инфрақұрылымға зиян келтіру дерегін анықтады. Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде орналасқан жылы аялдаманың есігінің әйнегі сынған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тексеру барысында екі ер адам арасында жанжал болғаны белгілі болды. Олардың бірі аялдамадан шығып, бөтелкені алып, есіктің әйнегін әдейі ұрып сындырғаннан кейін оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Құқық бұзушыға қатысты іс қозғалды. Сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Сонымен қатар келтірілген материалдық шығын заңнамада белгіленген тәртіппен өтелетін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: