Астанада ер адам көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, секірмек болды

Астанада ер адам көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, төмен секірмек болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 18:45 Сурет: Zakon.kz
Астанада полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

54 жастағы ер адам көпқабатты үйдің төбесіне көтеріліп, төмен секірмек болған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Олжас Байсариев пен Мәди Раев шұғыл әрекет етіп, төбеге көтерілді де, ер адамды қауіпті жерден тартып алып, балконнан түсірді.

Ер адам аман қалып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды дер кезінде ұстап қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: