Ақтөбеде жас жігіт пәтердегі сандықтан алтын және күміс әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен

Ақтөбеде жас жігіт пәтерге кіріп, алтын және күміс әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 18:19 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе қаласында криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алға ауданының бір елдімекенінде бейтаныс тұлға терезені бұзу арқылы тұрғын үйге заңсыз кіріп, сандықтың ішінен алтын және күміс әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығынды үй иесі 400 мың теңгеге бағалаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түсіп, оның бұрын осы елді мекенде тұрған 18 жастағы жас жігіт екенін анықтады.

Ол облыс орталығында ұсталып, тергеу барысында өз кінәсін мойындады. Ұрланған зергерлік бұйымдар күдікті Ақтөбе қаласындағы ломбардтарға өткізілген.

"Аталған бұйымдар полиция қызметкерлерімен тәркіленді. Қазіргі уақытта иесі анықталмаған алтын бұйымдардың иелерін анықтау, сондай-ақ күдіктінің облыс аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: