Алматыда күдікті ұрлаған телефонын "тауып алмасын" деген оймен фольгаға орап алған

ұрлық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.02.2023 22:42 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері қалта ұрлығын жасады деген күдікпен 26 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ұрланған телефонды фольгаға орап алған.

 "Оны "ізін суытпай" ұстады. Ұсталған азаматтан 119-бағыттағы қоғамдық көлік жолаушысынан ұрланған IPhone телефоны тәркіленді. Осылайша мобильді құрылғыны іздеуді қиындата аламын деген оймен фольгаға орап алған. Семей қаласынан келген адам қаншалықты жиі қылмыс жасағанын ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша басталған тергеу амалдары көрсетеді. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатырмыз". Әуезов аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев

Баяндамашының айтуынша, ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына, сонымен бірге ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: