Баласының еміне жиналған миллиардтарды ұрлады деп айыпталған Тотақанова сотта соңғы сөзін айтты

Баласының еміне жиналған миллиардтарды ұрлады деп айыпталған Тотақанова сотта соңғы сөзін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2026 11:30 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 9 қаңтарда Астанада ерлі-зайыпты Дәулет пен Толқын Тотақанованың ісі бойынша сот процесі жалғасты. Олар баласының еміне жиналған 1,3 млрд теңгені ұрлады деп айыпталған. Сот отырысында баланың анасы Толқын Тотақанова соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сотталушы өзінің және жұбайының ешкімді алдамағанын, олардың шын мәнінде ауыр науқас баласы барын, адамдардың отбасыға көмек көрсеткенін, оны ерікті түрде жасағанын атап өтті.

"Олар біздің қайғымызды, баламыздың жағдайын көрді. Біз шынымен баланы Түркияда, Өзбекстанда, Әзірбайжанда, Ресейде емдедік. Мұған 6 млн теңге емес, 160 млн теңге жұмсалды және біз оны сотта дәлелдедік. Сондай-ақ, бастапқыда баламның емі үшін өсіммен ақша алғанмын. Бірақ, уақыт өте келе олар бізді бопсалап, "өлтіретіндерін" айтып, қорқытты. Олар бізден бес жылдың ішінде 700 млн теңге қаржымызды тартып алды. Мен оны аудит арқылы дәлелдедім. Барлығы расталды", – деді Толқын Тотақанова.

Сотқа үндеуінде ол өз әрекеттерінде қастандық немесе байып кету мақсаты болмағанын атап өтті.


"Бізде элиталық пәтерлер де, көліктер жоқ. Миллиардтаған ақшамыз да жоқ. Прокурордың өзі айтқандай, бізде тек екі бөлмелі пәтер бар, ол да банкке кепілге қойылған. Бұл біздің жалғыз баспанамыз. Құрметті сот, мен өзімнің және ұлымның денсаулығына, беделімізге, отбасымызға тым көп құрбандыққа бардым. Біз алты жыл бойы өте қиын жолдан өтудеміз. Алты жыл бойы ұлымның денсаулығы үшін күрестік. Бірақ бүгін ұлымның өмірі тікелей сізге байланысты. Ерекеше балаларға осы әлемде тек ата-аналары қажет. Біздің қамқорлығымызсыз және тұрақты емдеу болмаса, біздің бала аман қалмайды", – деді ол.

Сонымен қатар, Толқын Тотақанова жұбайының оның қарызға батып кеткенін білмегенін, Instagram-парақшасын жүргізбегенін және картасына ақша түспегенін айтып өтті.

Айыпталушы оларды ақтап алуын немесе айыппұлды өтемақының мөлшерінде тағайындауды сұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: