Алматыда полицейлер бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі

Алматыда полицейлер бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 21:01 Сурет: polisia.kz
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері адам көп шоғырланатын орындарда жасалған бірқатар қалта ұрлығын әшкереледі. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілердің екеуі бір топтың құрамында әрекет еткен. Олар сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде және адам көп жүретін өзге де орындарда жаңа жыл алдындағы қарбалас пен азаматтардың бейқамдығын пайдаланып, қылмыс жасаған. Қазіргі уақытта олардың кемінде 12 қалта ұрлығы дерегіне қатысы бары дәлелденді.

Анықталғандай, аталған азаматтар бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Тағы бір күдікті қылмысты жалғыз өзі жасаған. Ол қоғамдық көлікте ұрлық жасаумен айналысқан. Бұл азаматтың кемінде 7 қылмыстық эпизодқа қатысы бары дәлелденді. Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексеріліп жатыр.

Әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

"Қалтакесерлер әрдайым адам көп жиналатын, азаматтардың назары бөлінетін орындарды таңдайды. Қоғамдық көлік, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендер. Дәл осындай сәттерде олар әрекет етеді. Ұсталғандардың барлығы — сериялық қылмыскерлер, олардың бір бөлігі бұрын сотталған. Қазіргі уақытта қосымша эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Алматы қалалсы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Сондай-ақ ол қала тұрғындары мен қонақтарын сақ болуға шақырды.

"Азаматтарды жеке заттарына мұқият қарауға, телефон мен әмиянды сыртқы қалтада қалдырмауға, қоғамдық көлікте және адам көп шоғырланған жерлерде сөмкені алдыңызға ұстап жүруге шақырамыз. Сақтық — қалта ұрлығының алдын алудағы ең тиімді қорғаныс", - деп түйіндеді Асхат Дәулетияров.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: