Қазақстанда дәл қазір қандай жолдар жабық тұр

Қазақстанда дәл қазір қандай жолдар жабық тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 19:47 Сурет: pixabay
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 2026 жылғы 13 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 13 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 21 республикалық маңызы бар автомобиль жолында дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған:

Солтүстік Қазақстан облысы

  • барлық бағытта.

Ақмола облысы

  • "Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
  • "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 14-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • "Көкшетау — Рузаевка" автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қ. — СҚО шекарасы);
  • "Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені — СҚО шекарасы);
  • "Жезқазған — Арқалық — Петропавл" автожолының 595-552 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Сұрған елді мекені).

Қостанай облысы

  • "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай" 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы);
  • "Мамлютка – Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы).
  • "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8-232 шақырым аралығы (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);

Ал сағат 20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Сондай-ақ 2026 жылғы 13 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Павлодар облысы:

  • "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жетісу облысы:

  • "Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан – Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Батыс Қазақстан облысы:

  • "Атырау—Орал" 371-189 шақырым аралығы (Чапай елді мекенінен Атырау облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
  • "Атырау—Орал" 371-492 шақырым аралығы (Чапай елді мекенінен Орал қаласына дейін)
  • "Чапаев-Жалпақтал-Казталовка-РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-201 шақырым аралығындағы учаскесі (Чапай елді мекенінен Казталовка елді мекеніне дейін); жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 875 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: