Оралда ер адам жанармай құю бекетіне пневматикалық және оқсыз тапаншалармен кірген

Оралда ер адам жанармай құю бекетіне пневматикалық және оқсыз тапаншалармен кірген, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 20:44 Сурет: polisia.kz
Оралда полиция жанармай құю бекетіндегі ықтимал қауіптің алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оралдағы жанармай құю бекеттерінің біріне полиция жасағының түнгі уақытта шұғыл шығуына себеп болды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері самбо әдістерін қолданып, 46 жастағы қала тұрғынын ұстады. Одан пневматикалық және старттық оқсыз тапаншалар тәркіленді.

Анықталғандай, ер адам мас күйінде жанармай құю бекетіне кіріп, темекі сатып алып, сыртқы түрі қаруға ұқсас заттарды көрсеткен. Алайда жанармай құю бекетінің қызметкерлеріне қатысты ешқандай қауіп немесе қоқан-лоққы білдірмеген.

Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: