Қазақстанда алғаш рет итке жамбас-сан буынын ауыстыру отасы жасалды

Джеси атты неміс овчаркасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 10:24 Сурет: Instagram/vkdk_09
Қарағандылық ветеринарлар елімізде алғаш рет алты жастағы Джеси атты неміс овчаркасына бірегей ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салмағы шамамен 35 келі болатын Джеси бірнеше жыл бойы ауыр артроз дертімен ауырған. Бұл — жамбас-сан буыны біртіндеп бұзылатын, жазылмайтын ауру. Иттің ауырсынусыз жүріп-тұруына мүмкіндік беретін жалғыз жол – жамбас-сан буынын толық эндопротездеу болды.

Astana TV телеарнасының мәліметінше, мұндай мәселе ірі тұқымды жануарларда жиі кездеседі.

Бірегей отаны Мәскеуде тағылымдамадан өткен ветеринар-дәрігер, ортопед-хирург Евгений Крюков орындады.

"Мен бұл операцияға ұзақ дайындалдым. Себебі бізге дәрі-дәрмек те көмектеспейтін науқастарды жиі әкеледі. Олар жамбас-сан буынының ауыр артрозымен келеді. Мұндай жағдайда жануар да қиналады, иесі де қиналады. Джесиге біз арнайы протез орнаттық. Ол сан сүйегінің өзегіне орналастырылып, бұрандамен бекітіледі. Сүйек пен протездің толық бітісуі үшін 1,5–2 ай уақыт қажет. Осыдан кейін жануар толыққанды өмір сүріп, бұрынғыдай ойнап, жүгіре алады", – деді ветеринар.

Алғашқы тексерулер титаннан жасалған протездің (сан сүйегінің басы мен мойны) біртіндеп ағзаға бейімделіп жатқанын көрсеткен. Қазір овчарка үйшігінен өздігінен иесіне қарай жүріп шыға алады. Жақын арада оған екінші жамбас-сан буынына да осындай операция жасалады.

Бұған дейін Қазақстанда қандай мамандық иелеріне жоғары жалақы төленетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: