Павлодар облысындағы өрттен екі бала қаза тапты

Павлодар облысындағы өрттен екі бала қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 20:16 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында Иртышск ауылындағы жеке үйде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоңырау бүгін таңғы сағат 8:33-те түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минут ішінде жеткен.

"Келген бойда үйдің толығымен жалынға оранғаны анықталды: жиһаз, тұрмыстық заттар және шатыр жанып, қалың түтін байқалды. Қиын жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздей бастады", - деп хабарлады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар өрттен үш баланы алып шықты, ал тағы біреуі өрт сөндірушілер келгенге дейін құтқарылды.

"50 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Екі бала ауруханада көз жұмған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: