Auyl sport жобасы "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері атанды
Сурет: Halyk қайырымдылық қоры
Auyl sport – 20 мың баланың арманын орындаған алаң. Жобаның осындай нақты әсері мен кең ауқымы нәтижесінде халық таңдауы бойынша "Жылдың үздік жобасы" атанып, "Халықтың сүйіктісі" сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Auyl sport – ауылдарда балалар арасында бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен жоба. Ол ауыл баласына үлкен спорттың есігін ашып қана қоймай, сенім мен жігер сыйлады.
Былтыр жобаның екінші маусымы өтті. 300 ауылдан 11 700 бала қатысып, спорттың 7 түрі бойынша өзара бақ сынады. Айта кетейік, 2025 жылы Auyl sport жеңімпаздары Қазақстан құрамасының сапында Сербиядағы Гимназиадасындаға қатысып, қоржынға алтын байлап келген.
"Auyl sport жобасының "Халықтың сүйіктісі" байқауында "Жылдың үздік жобасы" атануы – біз үшін ерекше мәртебе. Бұл, ең алдымен, ауылдағы мыңдаған баланың еңбегі мен талпынысына берілген баға. 2025 жыл Halyk қоры үшін ауқымды жобалар мен жарқын жеңістерге толы болды. Біз ауылдағы балаларды спортқа баулу үшін алдымен инфрақұрылымды дамыту қажет екенін түсініп, осы бағытта да жүйелі жұмыс атқардық", - қордың өкілі Ғалымбек Жақсылықов.
2025 жылы қор ауылдағы балалар спортымен қатар, өңірлерде спорт инфрақұрылымын күшейтуге де басымдық берді.
Осы бағытта:
- Жаңаөзенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қабырғасы көтерілді;
- Таразда FIFA және UEFA стандарттарына сай футбол академиясының құрылысына қолдау көрсетілді.
Былтыр қор 60 әлеуметтік жобаны іске асырып, жалпы сомасы 10,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетті. Бұл бастамалар білім беру, экология, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым және цифрлық даму бағыттарын қамтыды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript