Павлодар облысында есірткі жасырған күдікті қылмыс үстінде ұсталды
Сурет: polisia.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақсу қаласының аумағында тыйым салынған заттардың заңсыз айналымымен айналысқан 26 жастағы Алматы тұрғынының қылмыстық әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдікті есірткі жасырын қою кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында қыздан ақ түсті кристалл ұнтақ салынған 29 орам табылып, тәркіленді.
"Сондай-ақ қала көшелеріндегі жасырын орындардан осындай 28 орам анықталды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде тәркіленген заттардың жалпы салмағы 50 грамнан асатын синтетикалық есірткі екені белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды", - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол Ақсу қаласына келіп, мессенджер арқылы жасырын орынның координаттарын алған және есірткіні өткізу мақсатында дозаларға бөліп, қаптаумен айналысқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript