Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2026 13:30 Сурет: Zakon.kz
23 қаңтар күні Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марқұм 2025 жылғы сәуір айында мерзімді әскери қызметке шақырылған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының бақылауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес, оқиғаның барлық мән-жайын объективті әрі жан-жақты анықтау мақсатында оқиға орнында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабековтің жетекшілігімен арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Марқұмның отбасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық қажетті көмек көрсетілетіні хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: