2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сына қанша талапкер қатысты, қандай ережелер бұзылды - статистика

ЕНТ, тестирование, тесты, экзамены, выпускной класс, выпускники школы, национальный центр тестирования, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 15:32 Фото: tirshilik-tynysy.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026 жылғы 26 қаңтарда қаңтар Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қаңтар ҰБТ-сы басталғалы бері 90 мың адам тест тапсырды. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 71 адам ағылшын тілінде тапсырды.

Екі аптаның қорытындысы бойынша, талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады.

Бес пән бойынша орташа балл 61 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.

Бұл ретте, ереже бұзғаны үшін 173 адамның нәтижесі жойылды.

"108 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 65 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ".ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Министрлік 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетіндігін атап өтті.

Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.

Айта кетсек, 10 қаңтарда басталған ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: