Ақтөбелік кәсіпкерлер "саршұнақ аязға" әкімдікті кінәлап отыр
Фото: freepik
Олардың айтуынша, әкімдік ғимаратында автоматтандырылған жылу пункті орнатылғаннан кейін кеңселердегі батареялар салқындай бастаған. Ал сары аяз басталғанда жағдай мүлде ушығып кететін көрінеді.
"КТК" телеарнасының мәліметінше, ғимаратта 40-тан астам жалға алушы жұмыс істейді. Олардың барлығы да электр жылытқыштар мен кондиционерлерді жылу режиміне қосып қойған, тіпті сырт киіммен отыруға мәжбүр.
"Далада минус 30 градус болғанда, кабинеттерде отыру мүмкін емес", – деді мекеме қызметкерлері.
Бұл ретте, жылу қызметінің мамандары бірнеше рет келіп кеткенімен, мәселе әлі күнге дейін шешілмеген. Жылумен қамтамасыз ететін компания өкілдері әкімдік ғимаратында расымен де сорғы орнатылғанын растайды, алайда мәселенің себебі онда емес дейді. Дегенмен нақты себептің неде екенін де айта алмай отыр.
Бұған дейін ақтөбеліктің Telegram арқылы психотроптық заттарды заңсыз таратып, 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазғанбыз.