Ақтөбелік Telegram арқылы психотроптық заттарды заңсыз таратып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде жергілікті тұрғынға психотроптық заттарды заңсыз айналымға салу ісі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы 2026 жылғы 27 қаңтарда Қазақстанның Бас транспорттық прокуратурасы хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Сот мәліметтері бойынша, тұрақты жұмыс орны жоқ ер адам интернет ресурстары мен Telegram мессенджері арқылы белгісіз тұлғалармен сөз байласып, қала аумағында "тайник" арқылы психотроптық заттарды бақылаусыз таратып, әр "закладка" үшін төлем алған.
"Сот кінәлі деп танылған адамға орта қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп хабарлады Бас транспорттық прокуратурасы сейсенбі күні.
Ескерту ретінде айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, 2026 жылғы 26 қаңтарда Астанада 240 млн теңге көлеміндегі несие алаяқтығына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шыққаны белгілі болған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript