СҚО-да заңсыз аңшылықпен айналысқан төрт браконьер бас бостандығынан айырылды
Сурет: pxhere
Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан төрт браконьерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәлелдер бола тұра, жазаға тартылған төрт тұлға өздерінің кінәсін мойындамаған және істеген істеріне өкініш білдірмеген.
"Алайда мемлекеттік айыптау Астана қаласынан келген екі қонақтың жергілікті екі тұрғынмен бірге Қызылжар ауданында ұлттық табиғат паркінің аумағында екі елікті заңсыз атып алғанын дәлелдеді. Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісіп, олардан келтірілген материалдық шығын 4,5 млн теңгені өндіру және 3 жылдан 4 жылға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға соттады". Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Одан басқа, сотта мемлекетке көлемі 68 млн теңге шығын келтірген, 53 бас сібір елігін заңсыз атқан ұйымдасқан қылмыс тобының құрамындағы 4 адамға қатысты басқа іс те қаралуда.
2023 жылы облыстың соттарымен заңсыз аңшылық үшін барлығы 12 іс бойынша 21 тұлға сотталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript