Шуда полицейлерге шабуыл жасағандар бас бостандығынан айырылды

Шу, сот, полиция қызметкеріне шабуыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2022 10:07 Сурет: Zakon.kz
Биыл 7 мамырында Жамбыл облысы Шу қаласындағы вокзал алаңында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған қылмыскерлерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, сегіз тәртіп бұзушы 3 жылдан 8 жыл 2 айға дейін бас бостандығынан айырылды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 7 мамыр күні сағат 01.30 шамасында полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал алаңында мемлекеттік нөмірі жоқ ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатқан. Көлік жүргізушісі мен жолаушысы полицейлерге қарсылық көрсетіп, оларға шабуыл жасаған.

Сондай-ақ олар қызметтік қаруды иемденбек болып, полицейлерге дене жарақатын салған. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс материалдары үкім шығару үшін сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: