Заңсыз мүліктерді тәркілеу мен күмәнді аударымдарға бақылау: Президент ҚМА-ға жаңа тапсырмалар жүктеді
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚМА кеңесінде заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан жеке мүліктері мемлекетке қайтарылуы керек екенін атап өтті.
"Есірткі бизнесімен күресті күшейту қажет. Өкінішке қарай, қазір есірткі саудасынан түскен табысты тексеру жұмысының тиімділігі төмен. Қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан жеке мүлкімен қатар, басқа адамдардың атына рәсімдеген мүлкі де мемлекетке қайтарылуға тиіс. Қысқасы, қылмыстық жолмен иемденген мүліктің бәрін тәркілеу мәселесін мұқият пысықтаған жөн. Заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейту керек. Бұл қадам халықаралық стандарттарға толық сай келеді", – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қаржылық алаяқтыққа қарсы жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript