Ресей мен Украина арасындағы жаңа кездесу күні Абу-Дабиде белгіленді

Ресей мен Украина арасындағы жаңа кездесу күні Абу-Дабиде белгіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2026 19:50 Сурет: pixabay
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен Украина арасындағы Абу-Дабиде өтетін келесі келіссөздердің 1 ақпанда жалғасатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, бұл кездесу көрші мемлекеттермен бірге АҚШ делегациясының қатысуымен өтеді. 

"Иә, 1 ақпан деп жоспарланып отыр. Әзірше осы күнге бағыт ұстап отырмыз", – деді Песков. 

Еске салайық, қаңтардың 23-24-і күндері Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина делегациялары екі күн бойы келіссөз жүргізген. Тараптар буферлік аймақтар, бақылау механизмдері және ықтимал бейбіт келісімнің басқа да тармақтарын қарастырған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: