Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршіндерді инемен қорқытып ұйықтатпақ болған

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 10:35 Фото: Zakon.kz
Шымкентте баланы инемен қорқытып ұйықтатпақ болған тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиға бойынша жедел кеңес өткізіліп, тергеуді ашық жүргізу туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде №59 "Айша" балабақшасының жатын бөлмесіндегі бейнебақылау камерасынан түсірілген видео тарады. Кадрда тәрбиешінің балаларды мәжбүрлеп ұйықтатпақ болып, ине көрсеткені анық көрінеді. "Жетінші арна" дерегіне сүйенсек, бұл – жекеменшік емес, мемлекеттік балабақша.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ата-аналардың шағымынан кейін педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір істің барлық мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған жедел және кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар полиция тарапынан білім басқармасына балабақша меңгерушісін қызметінен шеттету және тәрбиешіні жұмыстан босату ұсынылды.

Сонымен қатар, оқиғаға қатысты жедел кеңес өткізілген. Оған прокуратура, полиция, қалалық білім және денсаулық сақтау басқармасының, балабақша қызметкерлері мен ата-аналар қатысты.

"Балабақшаның "Бәйтерек" мектепалды тобының тәрбиешісі Р.М. тарапынан балаларға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсету белгілері – шприцпен қорқыту, қол көтеру анықталғаны жөнінде мәлімет түсті. Оқиғаның барлық мән-жайы құқық қорғау органдары мен білім басқармасы тарапынан жан-жақты әрі объективті түрде зерделенуде. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес тиісті құқықтық баға беріледі. Аталған мәселе Шымкент қаласының білім басқармасының қатаң бақылауында".Күлзна Уәлиханова, Білім басқармасы басшысының орынбасары

Бұған дейін Алматыда жаңа туған нәрестелерді күтіп-баптау бөлімшесі ашылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: