Жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп жүргізуге және есепші жалдауға міндетті ме

Документы, папки, справки, бумаги, дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 16:50 Фото: freepik
Жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп жүргізуге және бухгалтер жалдауға міндетті ме деген сұраққа ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заңға сәйкес, жеке кәсіпкерлер мынадай талаптарға бір мезгілде сай келген жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізбеуге (бастапқы құжаттарды рәсімдеу мен сақтауды қоспағанда) және қаржылық есептілік жасамауға құқылы:

  • оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданса және күнтізбелік жыл ішіндегі табысы 135 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (2026 жылы – 583 875 000 теңге) аспаса;
  • қосылған құн салығы бойынша тіркеуде тұрмаса;
  • табиғи монополиялар субъектісі болып табылмаса.

Егер аталған талаптардың кез келгеніне сәйкессіздік туындаса, жеке кәсіпкер ондай жағдай пайда болған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілік жасауға міндетті болады.

Сонымен қатар, көрсетілген талаптарға сай келетін, бірақ өз еркімен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүргізу туралы шешім қабылдаған жеке кәсіпкер есепті шешім қабылданған айдан кейінгі айдан бастап жүргізе алады.

Осылайша, заң талаптарына сәйкес келетін жеке кәсіпкер бастапқы құжаттамадан өзге бухгалтерлік есепті жүргізбеуге құқылы.

Ал бухгалтерді жұмысқа алу – кәсіпкердің өз қалауына байланысты шешім.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: