Алматыда полицейлер кейбір тұрғындарға ерекше талап қойды
Фото: KOMU News/Ashleigh Jackson
Алматыда тұрғын үй секторындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде 14 азаматқа ерекше талаптар белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, оларға ішімдік тұтынуға тыйым салынған.
"Іс-шараның екі күні ішінде полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайлары бойынша есепте тұрған 2 105 адамды тексерді. Нәтижесінде 14 азаматқа қатысты сот шешімімен мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынды",- делінген Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар алкоголь өнімдерін заңсыз сату деректері бойынша 29 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 152 азаматқа қатысты шара қолданылды.
Бұған дейін жазғанымыздай, Петропавлда сот сталкерге арақ ішуге тыйым салып, 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегу жазасын тағайындады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript