Оралда полиция алаяқтық схемасын әшкереледі

Оралда полиция алаяқтық схемасын әшкереледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 18:13 Сурет: polisia.kz
Орал қаласында криминалдық полиция қызметкерлері азаматтарды алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық қылмыстар сериясын ашты. Тергеу барысында қаскүнемдердің ұялы телефонды жеткізу сылтауымен курьерлердің сеніміне кіргені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер такси қызметінің мобильді қосымшалары арқылы курьерлермен байланысып, олардан бір мекенжайдан ұялы телефонды алып, басқа мекенжайға жеткізуді сұраған. Қызмет ақысын жеткізу кезінде төлеуге, сондай-ақ тауарды тапсырған соң екі есе көлемде ақы төленетініне уәде берген.

"Курьерлер уәдеге сеніп, ұялы телефонның құнын өз қаражаты есебінен қолма-қол төлеген. Алайда көрсетілген мекенжайға барған кезде алушы байланысқа шықпай, көрсетілген телефон нөмірі өшірулі болған. Осылайша, алаяқтар курьерлердің ақшасын иемденген", – деп хабарлады полиция.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған тәсілмен бірнеше қылмыстық эпизодтың жасалғаны анықталды. Осы қылмыстарға қатысы бар күдікті тұлғалар ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: