Қарағандыда ұрлық жасаған күдікті "ізін суытпай" ұсталды

Қарағандыда ұрлық жасаған күдікті "ізін суытпай" ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 21:35 Сурет: polisia.kz
29 қаңтар күні Майқұдықтан Қарағанды қаласы бағытындағы аялдаманың бірінде 59 жастағы тұрғынның сөмкесінен 35 мың теңге көлемінде ақшасы ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті қаражатты жасырын түрде қолды еткен.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында күдікті бірден анықталып, ұсталды. Ол 39 жастағы ер адам болып шықты.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

Полиция қылмыстың кез келген түрі назардан тыс қалмайтынын, ал кінәлілер заң аясында қатаң жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: