Елордада пластик терезе орнатамын деп пәтерден ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 12:50 Фото: Zakon.kz
Елордалық тұрғынның пәтерінен зергерлік бұйымдар мен ойын приставкасы ұрланды. Полиция күдіктіні қолға түсірді.

Күдіктінің пластик терезе орнатумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істегені анықталды. Жәбірленуші OLX қосымшасы арқылы сол кәсіпорынға жүгінген.

Алғашында жұмыскерлер терезенің өлшемін алып, дайын болған кезде жәбірленушіге үйді босатуын сұрап, мүліктерді бір бөлмеге жинастырып қоюын өтінген.

Пәтер иесі еш ойланбастан үйдің кілтін жұмыскерлерге тастап, өзі үйден кетіп қалған. Қылмыскер осы жағдайды пайдаланып, пәтерден ойын приставкасын және 5 алтын жүзікті иемденіп, үйден еш қиындықсыз шығып кеткен.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері "Қылмысты тоқтату" жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде 31 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Келтірілген жалпы шығынның көлемі – 500 мың теңге. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақтар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: