Қазақстанда балалар арасында туберкулез бен қызылша аурулары жиілей түсті

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2026 16:46 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 ақпанда Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің орынбасары Марал Рахымжанова балалар арасында инфекциялық аурулардың өскені жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұрынғы кәсіпкерлік кодекс аясында жүргізілген мемлекеттік бақылау балалар күн сайын болатын объектілерде профилактикалық бағытты қамтамасыз етпеген.

"Тексерулер балалардың денсаулығына зиян келтіргеннен кейін жүргізіледі. Нәтижесінде мектеп оқушылары арасында жаппай тамақтан улану жағдайлары көбейді, балалар үйлері, интернаттар, сауықтыру ұйымдарында ауыр санитарлық бұзушылықтар көбейді, балалар арасында қызылша сен көкжөтел таралуы артты, сондай-ақ, вакцинация жүргізілгені туралы жасанды есептер өсті. Мұнымен қоса, медициналық ұйымдардың инфекциялық ошақтарда қарсы эпидемиялық шараларды уақытылы жүргізбеу фактілері көбейді, бұл балалар арасында туберкулез ауруының өсуіне әкелді. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға қарамастан, бақылау субъектілері балалар қауіпсіздігін нақты қамтамасыз ете алмады", – деді Рахымжанова.

Оның айтуынша, 2025 жылғы 4 желтоқсанда мемлекет басшысы заңға қол қойды, оның аясында балаларды тамақтандыру, тұру, медициналық көмек, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыруға қаржыландыратын субъектілерге ерекше мемлекеттік бақылау және қадағалау тәртібі енгізілді.

Ерекше бақылау тәртібін енгізу арқылы күтілетін нәтижелер:

  • балалардың тамақтану, тұру, оқу, сауықтыру және медициналық көмек алу жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық бақылауын қамтамасыз ету;
  • бұзушылықтарға кейіннен реакция білдірудің орнына алдын алу шараларына көшу;
  • қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыру;
  • барлық қатысушылардың жауапкершілігін күшейту – қызмет көрсетушілерден бастап бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне дейін.

Бұған дейін Астананың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев елордалық "Мирас" мектебінде болған улану оқиғасының егжей-тегжейін жариялағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: