Шымкент – Самара тасжолында жүк көлігімен келе жатқан шетелдік апатқа ұшырады
Сурет: видео скрині
Беларусь азаматы жүк көлігімен Шымкент – Самара тасжолында қиын жағдайға тап болды. Ол Шымкент бағытына қарай келе жатқан кезде жол-көлік оқиғасына түсіп, көлігі аударылып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік батальон инспекторлары Абзал Бейсенов пен Досжан Ережеп жүргізушіге жедел түрде көмек көрсеткен. Олар аударылған көліктегі жүктің бүлінуіне жол бермей, тауарларды басқа көлікке тиеуге көмектесті.
"Шетелдік азамат бөтен елде көрсетілген дер кезінде көмек пен қолдау үшін полицейлерге шынайы алғысын білдірді", – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері барлық жүргізушіге жолда барынша мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript