Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі

"Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулы жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 09:37 Сурет: Zakon.kz
"Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулы жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінде көрсетілетін сервистер, төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу тәртібі, сондай-ақ жүйеге қосылу шарттары айқындалған.

Жобаның мақсаты – Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінің тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Ұлттық банктің мәліметінше, құжатты қабылдау қолма-қол ақшасыз төлемдердің дамуына, банкаралық есеп айырысулардың қолайлылығы мен жылдамдығын арттыруға ықпал етеді.

Құжат 19 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: