Көктем хабаршылары: Оңтүстікте алғашқы бәйшешектер гүлдеді
Сурет: Instagram/karatau_nature_reserve
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының мамандары таулы беткейлерде шыққан алғашқы бәйшешектердің әсем суреттерін жариялап, халықты қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 4 ақпанда қорықтың Instagram парақшасында "Қаратаудағы көктем жаршылары" деген жазумен фото жарияланды.
Қорық қызметкерлері алғашқы бәйшешектер туралы поэтикалық сипаттама берді:
"Қысқы тыныштықтан кейін Қаратау өңірінде ең алғаш болып көз тартатын – көктемнің нәзік те әсем хабаршылары. Қар ерісімен-ақ бой көтерген бұл гүлдер табиғаттың оянғанын паш етеді. Алатау бәйшешегі – көктемнің алғашқы лебі, тазалық пен үміттің белгісі. Ол қатаң қыстан кейін де өмірге деген күш пен сұлулықтың бар екенін еске салады. Қаратаудың баурайында гүлдеген әрбір бәйшешек – жаңа өмірдің бастауындай".
Мәтіннің соңында қызметкерлер қазақстандықтарды табиғатты сақтауға шақырады.
Дәл бір жыл бұрын да осыған ұқсас хабар жарияланған болатын. Сол кезде бәйшешектер туралы гид Тимур Байғұлов айтып берген еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript