Жаңа Конституция жобасын референдумға шығаруды ұсынды
Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров 2026 жылғы 5 ақпанда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында елдің жаңа Негізгі заңының жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айдарбек Ходжаназаров конституциялық реформаны талқылау 2025 жылдың қазан айынан бері, яғни жарты жылдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқанын атап өтті.
"Өздерінің көптеген ұсынысын жүздеген, мыңдаған отандастарымыз жолдады. Солардың негізінде кәсіби заңгерлердің, түрлі сала сарапшылары мен қоғам өкілдерінің ұзақ әрі мұқият жұмысының нәтижесінде жаңа Конституция жобасы әзірленді. Комиссия мүшелері ғана емес, бүкіл қоғам өкілдері де атап өткендей, бұл – қазіргі заман талаптарына сай келетін, еліміздің ұзақ мерзімді даму бағдарын айқындайтын жан-жақты пысықталған құжат", – деді ол.
Депутат ұсыныстардың басым бөлігі таза заңдық сипатта екенін, негізінен редакциялық түзетулер енгізуге қатысты болғанын атап өтті.
"Сондықтан конституциялық комиссия мүшесі ретінде жекелеген баптардың редакциясын пысықтағаннан кейін, жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық дауыс беру үшін референдумға шығаруды ұсынғым келеді", – деді Айдарбек Ходжаназаров.
Бұған дейін ол жаңа Конституцияда теңгені Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде бекітуді де ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript