Әзімова жаңа Конституция жобасы бойынша салыстырмалы кесте жасауды тапсырды
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Конституциялық сотының төрайымы Эльвира Әзімова 2026 жылғы 5 ақпанда өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ел азаматтарына жаңа Негізгі заң жобасын талқылау барысын көрнекі түрде көрсету маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Эльвира Әзімова азаматтардан жаңа Конституция жобасына қатысты ұсыныстар әлі де түсіп жатқанын атап өтті.
"Қазақстандықтар мен Комиссия мүшелерінен түсіп жатқан ұсыныстарды талқылау жұмысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар алдыңғы сегіз отырыс барысында түскен барлық ұсынысты жинақтап, салыстырмалы кесте жасауды ұсынамын. Бұл ұсыныстардың жобаға қалай енгізілгенін немесе қаралу үстінде екенін көрсету қажет. Біздің отырыстар тікелей эфирде өтетіндіктен, мұндай ақпарат тек бізге емес, азаматтарға да түсінікті әрі нақты түрде қолжетімді болуға тиіс", – деді ол орынбасары Бақыт Нұрмұхановқа қарата.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның келесі отырысы 2026 жылғы 7 ақпанда өтеді.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров жекелеген баптардың редакциясын пысықтағаннан кейін жаңа Конституция жобасын бүкілхалықтық дауыс беру үшін референдумға шығаруды ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript