Жамбыл облысында 95 келіден астам марихуанамен ұсталған тұрғын сотталды
Сурет: Zakon.kz
Меркі ауданына қарасты Қарасу елді мекеніндегі күзетілмейтін теміржол өткелінің маңында көлік полицейлері Жамбыл облысының 50 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру барысында одан жалпы салмағы 95 келіден астам кептірілмеген марихуана тәркіленді.
Тергеу барысында ер адамның жабайы түрде өсетін құрамында есірткі бар өсімдікті әдейі жинап, оны кейіннен өткізу мақсатында дайындағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша өткізу мақсатында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Меркі аудандық сотының үкімімен қылмыс жасаған азамат кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Көліктегі ПД есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес қызметтің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін және жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.