Атырауда қызылша ауруы өршіп тұр

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 09:36 Фото: unsplash
Атырау облысында қызылша ауруының таралуы күшейді. Соңғы бір айдың ішінде өңірде 100-ден астам адамнан қызылша анықталған. Мамандардың мәліметінше, науқастардың 86 пайызы — 5 жасқа дейінгі балалар.

Дәрігерлер аурудың ушығуын уақытылы екпе алмаумен байланыстырады. Қазіргі таңда ем қабылдап жатқан науқастардың басым бөлігі — 1 мен 5 жас аралығындағы балалар. Дегенмен, медицина ұйымдарында науқастарды орналастыруға жеткілікті орын бар екені айтылды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ербатырованың айтуынша, бір жасқа дейінгі балалар екпе алатын жасқа жетпегендіктен ауру жұқтырып отыр. Ал 1–5 жас аралығындағы науқастардың көбі — екпеден бас тартқан ата-аналардың балалары, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәрігерлердің дерегіне сәйкес, республика көлемінде де эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Соңғы бір айда ел бойынша 2 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Әсіресе, Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Алматы облыстарында сырқаттанушылық деңгейі жоғары.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Мейірім Сұлтанова қызылшаның ауа-тамшы жолымен тез тарайтынын атап өтті. Оның сөзінше, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы — уақытылы вакцина алу. Науқаспен байланыста болған адамдар бақылауға алынып, эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес екпе егіліп, инкубациялық кезеңде медициналық тексеруден өткізіледі.

Мамандар ата-аналарды балалардың вакцинация күнтізбесін сақтауға және ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгінуге шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: