Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр

Қазақстанда қазір қай жолдар жабық тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 19:00 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 6 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы:

  • "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 16 — 200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

Павлодар облысы:

  • "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 200-431 шақырымы аралығы (Ақмола облысы шекарасы – Атамекен ауылы);

Жамбыл облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы" автожолының 159-238 шақырымы аралығында (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін)

Жолды 2026 жылғы 07 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ал келесі республикалық маңызы бар жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:

Шығыс Қазақстан облысы:

  • "Өскемен – Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).

Абай облысы:

  • "Өскемен – Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).

Павлодар облысы:

"Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 1135-1206 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті елді мекеніне дейін).

Абай облысы:

  • "Семей – Қайнар" автожолының 8-284 шақырым аралығы (Семей қаласынан "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас" автожолына дейін);
  • "Семей – РФ шекарасы" автожолының 2-113 шақырым аралығы (Семей қаласынан РФ шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

  • "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз" автожолының 17-60 шақырым аралығында (Қарағанды қаласы – Ботақара ауылы);
  • "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті" автожолының 1064-1135 шақырым аралығы (Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы).
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: