СҚО-да жас жігіттен "синтетика" тәркіленді

СҚО-да жас жігіттен "синтетика" тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2026 21:56 Сурет: polisia.kz
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 19 жастағы петропавлдықты ұстады. Ол облыс орталығы аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұстау кезінде жас жігіттен ұнтақ тәрізді заты бар 19 орама тәркіленді. Сараптама нәтижесінде оның α-PVP деп аталатын психотроптық зат екені анықталды. Тәркіленген заттың салмағы 35 грамды құрады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, күдікті тыйым салынған заттарды сатумен айналысатын интернет-дүкендердің біріне бір айдан аспайтын уақыт бұрын жұмысқа тұрған. Қазір ол қамауда отыр. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша оған 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Жыл басынан бері облыс аумағында полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 350 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: