Елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен – Мемлекет басшысы
Фото: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында а арнайы экономикалық аймақтардың әлеуетін толық пайдалану қажеттігі туралы айтқанын еске алды.
"Қытайда және Вьетнамда мұндай аймақтар экономиканың қозғаушы күші саналады. Ал біздің елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен. Бұл мекемелер экономиканың құрылымын өзгертуге қауқарсыз. Ширек ғасырға жуық уақыттан бері арнайы экономикалық аймақтардың ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 1 пайыздан сәл ғана асады. Оның 0,3 пайызы – экспортқа, 0,9 пайызы – шетел инвестициясына тиесілі".
Оның пікірінше, арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі мүлде жарамсыз деуге болады.
"Олар инвестиция тартатын алаң болуға тиіс. Жаңа нормалар, құралдар, сервистік шешімдер сол жерде сынақтан өтіп, одан әрі кең таралуы қажет. Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі инфрақұрылымын дамытуға үш жыл ішінде бір триллион теңге займ қаражатын жұмсау ұсынылып отыр. Алдымен олардың даму моделін қайта құру керек деп санаймын. Онсыз мұндай ауқымды инвестиция жүйедегі қордаланған мәселелерді шеше алмайды. Түптеп келгенде, егер нақты нәтижеге жетемін деген ниет болса, бұл мәселені Түркістан облысының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды сияқты қолда бар қаржымен де шешуге болады. Астанада да жақсы тәжірибе бар. Үкімет үш айдың ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекітуі керек".
Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын Smart City қағидатында дамыту жайлы айтып берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript