Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс – Мемлекет басшысы
Фото: Zakon.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын Smart City қағидатында дамытуды Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өтті.
Мемлекет басшысы Алатау қаласын Smart City қағидатында дамытуды жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы ретінде атады.
"Жедел даму жолына түскен Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің сөзінше, бұл жоба барлық салаға озық инновациялар енгізуді, жасанды интеллект пен цифрлық технологияны қолдануды қамтиды.
"Онда капитал тарту үшін теңдесі жоқ жағдай жасалып, жаңа, батыл шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін үздік реттеу режимін қалыптастыру қажет", — деді Мемлекет басшысы.
Осы маңызды мәселе бойынша Конституциялық заң әзірленіп, Парламенттің қарауына ұсынылған. Сонымен қатар, кейбір қарсылықтар туралы.
"Маған Ұлттық банк пен Қаржылық мониторинг агенттігі бұған қарсылық танытқаны туралы баяндалды. Бұл Конституциялық заң қабылдауға мүмкіндік бермейді. Алайда менің төрағалығыммен өткен жиында мұндай пікір айтылмаған еді", — деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлерге нақты ұсыныс беруді тапсырды.
"Егер сіздерде қандайда бір қауіп не қарсылық болса, маған қағаз жүзінде ұсыныс беріңіздер. Тиісті тапсырма беремін. Бірақ, менің ойымша, бұл шындыққа жанаспайтын бос әңгіме секілді. Мен жауапкершілік алудан қашпаймын, ал сіздер конференцияларда ділмәрсіп, сөз сөйлеп жүре беріңіздер. Қазір қорқыныштан қалтырап отыратын емес, нақты жұмыс істейтін заман".
Президент жобаның ерекше мәнін атап, үкіметке нақты тапсырма берді.
"Бұл – еліміз үшін бірегей жоба. Сондықтан Үкімет оның басы артық бюрократиясыз, кідіріссіз әрі сапалы дамуын қамтамасыз етуі керек". Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript