Маңғыстауда балалар арасында қызылша дерті өршіп тұр

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 16:02 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысында балалар арасында қызылша дертіне шалдығу жағдайы күрт өсті. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге жуық көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz мәліметінше, 2025 жылы облыста қызамыққа күдік бар 174 жағдай тіркелген, оның 81-і лабораториялық түрде расталған. Сырқаттанғандардың 80%-дан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

2026 жылдың басынан бері эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Қазіргі таңда қызамыққа күдік бар 131 жағдай тіркеліп, оның 71-і лабораториялық түрде расталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп.

"Барлық расталған қызамық жағдайларының 84,5%-ы, яғни 60 жағдай – 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Сырқаттанғандардың 69%-ын (49 жағдай) 5 жасқа дейінгі балалар құрайды. Сырқаттанғандардың 70,4%-ы (50 жағдай) егілмеген, оның ішінде: вакцинадан бас тартқаны – 66% (33 жағдай), медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 10% (5 жағдай), вакцина жасына жетпеген балалар – 24% (12 жағдай)". Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаев

Медицина мамандарының айтуынша, қызамыққа қарсы жалғыз сенімді алдын алу әдісі – вакцинация. Сырқаттанудың өсуіне байланысты, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап облыста 6 айдан 10 жасқа дейінгі балаларға қосымша иммунизация, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балаларға қосымша вакцинация жүргізілуде.

Вакцинация эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін жалғасады.

Бұған дейін Алматыда газ жүргізілген аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: