Шымкентте болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік мәлімдеме жасады

Снег, снегопад, зима, холод, мороз, заморозки, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 10:26 Фото: Zakon.kz
Шымкентте ауа райының қолайсыздығы салдарынан қайғылы жағдай орын алды – құлаған ағаш бұтағы мектеп оқушысының өмірін қиды. Осыған байланысты қала әкімдігі мәлімдеме жасап, оны 2026 жылғы 12 ақпанда баспасөз қызметі Instagram желісінде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәлімдемеде:

Шымкентте ауа райының қолайсыздығынан ағаш құлап қайтыс болған баланың туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қайғылы жағдайға қатысты қала әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар, әкімдік отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Қала тұрғындарын ауа-райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.

2026 жылғы 11 ақпанда Шымкент қаласында Елшібек көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында ағаштың бір бөлігі төртінші сынып оқушысының үстіне құлады. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Айта кетейік, Шымкентте 9–12 ақпан аралығында дауылды ескерту жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: