Қазақстанның Ыстықкөлдегі демалыс базаларын жаңарту үшін 13 миллиард теңге инвестиция салынатын болды
Сурет: pexels
Вице-министрдің айтуынша, екі нысанға инвесторлар табылған: Almara Petroleum компаниясы "Олимп" спорттық-сауықтыру базасына 3,7 миллиард теңге инвестиция салуға дайын, ал "Самал" демалыс үйіне инвестор 10 миллиард теңге бөлмек.
"Үшінші нысан – "Университет" спорттық-сауықтыру лагеріне әлі инвестор табылған жоқ, іздестіріп жатырмыз. Біздің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің есептеуіміз бойынша жалпы сома шамамен 13 миллиард теңге болады. Бүгін осы хаттамалар қабылданып, ратификацияланды, кейін қол қоюға жіберіледі. Жұмысты 2025 жылдың басынан бастап бастадық, ратификацияны күтпестен. Белгіленген мерзімге – 5 жыл, 2029 жылдың соңына дейін үлгереміз", – деді спикер.
Депутат Нурия Ниязова "Самал" демалыс үйіне қатысты мәлімет беріп, К. И. Сәтпаев университеті мен инвестор арасында бірлескен қызмет туралы келісімге қол қойылғанын, осы шеңберде ЖСҚ әзірлеуге қажетті бастапқы деректер жинау жұмыстары басталғанын айтты. Құрылыс жұмыстарын 2026 жылдың IV тоқсанында бастау жоспарлануда. Туризм және спорт министрлігі құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттаманы және инвестициялық келісім жобасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Олимп" спорттық-сауықтыру орталығына қатысты атқарылатын шаралар нәтижесінде реконструкцияның соңғы құны мен инвестицияның қайтарым мерзімі анықталатын болады. Қазіргі уақытта балама қаржы көздерін, соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттарды іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда КазҰУ спорттық-сауықтыру лагерін реконструкциялау үшін техникалық тапсырма дайындауда", – деді депутат.
Оның айтуынша, "Қазақстан" санаторийіне қатысты қазіргі кезде Президент іс басқармасы Ыстықкөлде санаторий құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Аяқталу мерзімі болжам бойынша 2026 жылдың IV тоқсаны.
"Сонымен қатар, санаторий аумағында тарихи-мәдени мұраны сақтау және еске алу мақсатында тек Дінмұхамед Ахметұлы Кунаевтың саябағы сақталады, қалған барлық ғимараттар мен құрылыстар бұзылады және бұл нысан музей-мекенжайға айналдырылады", – деп толықтырды Нурия Ниязова.
"Университет" спорттық-сауықтыру лагеріне қатысты ол қазіргі таңда КазҰУ нысанды реконструкциялау үшін техникалық тапсырма дайындап жатқанын хабарлады.
"Аталған шаралардың нәтижесінде реконструкцияның соңғы құны мен қайтарым мерзімі анықталатын болады. Қазіргі кезде балама қаржы көздерін, соның ішінде бюджеттен тыс қаражаттарды іздеу жұмыстары жалғасуда", – деді депутат.
Бұған дейін жер қойнауын пайдаланушылар қазақстандық өндірісті қолдан жасап көрсетіп отыр деп айыпталғанын жазғанбыз.