Ыстықкөлдегі курорттық нысандар бойынша келісімдер ратификацияланды
Сурет: unsplash
Сондай-ақ Сенат депутаттары бұған дейін Мәжіліс қабылдаған Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы Ыстықкөл ауданындағы жер учаскелерін жалға алу туралы шартты және оған өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы да ратификациялады.
Депутат Нұрия Ниязованың айтуынша, келісім қазақстандық тараптың нысандарды жыл бойы жұмыс істейтін үш және төрт жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғырту жөніндегі міндеттемелерін 2029 жылдың соңына дейін ұзартады.
Оның сөзінше, қазақстандық тарапқа инвесторлар тарту мүмкіндігі бойынша келісімге қол жеткізілген. Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының меншік құқығы төрт нысанға белгіленеді: "Қазақстан" шипажайы, "Самал" демалыс үйі, "Университет" спорттық-сауықтыру лагері және "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы.
"Туризм және спорт министрлігі құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттаманы және инвестициялық келісім жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасындағы шартқа сәйкес қазақстандық тарапқа жалпы аумағы 58,8 гектар жер учаскелері 49 жыл мерзімге уақытша ақылы пайдалануға берілді. Қырғыз тарапы жалға берілген нысандардың қол сұғылмауына кепілдік береді және оларды мемлекет меншігіне алу бағытындағы әрекеттерден бас тартуға міндеттенеді", – деді ол.
2026 жылғы 25 қаңтарда Ыстықкөл тауларында Орталық Азиядағы ең ірі тау-шаңғы курорты салынып жатқаны белгілі болған еді.