Аса – Ақкөл автожолында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты

Аса – Ақкөл автожолында автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 19:00 Сурет: Жамбыл облысы полиция департаменті
2026 жылғы 12 ақпанда Жамбыл облысындағы Аса – Ақкөл автожолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметке қарағанда, жеңіл көліктің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ.

"Алдын ала ақпарат бойынша, Van Hool маркалы автобустың жүргізушісі басқаруды жоғалтып, қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан", – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ауа райының нашарлауына байланысты Жамбыл облысы полиция департаменті азаматтарға ұзақ сапардан мүмкіндігінше аулақ болуды, жылдамдық режимін сақтауды, жолда қауіпсіз қашықтықты ұстап жүруді және жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: