Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді

Қостанай облысында интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 19:49 Сурет: polisia.kz
Жітіқарада интернет арқылы есірткі сату схемасы әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер интернет арқылы есірткі заттарын таратудың жолын кесті. Жедел іс-шаралар барысында Жітіқара қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды.

"Пәтерді тінту кезінде электронды таразы, орау материалдары, ұялы телефондар және ұнтақ тәрізді заттар табылып, тәркіленді. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 800 грамм болды", - деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті мессенджер арқылы жұмыс істеген интернет-дүкенмен байланысты болған.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: