2,1 млрд теңге жымқыру: Астанада құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 16:23 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астана қаласының арнайы прокурорлары құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 13 ақпанда елорда прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекетпен елордалық проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтауға бөлінген бюджет қаражатынан құрылыс компаниясы 2,1 млрд теңге жымқырғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды.

Сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық залал өндірілді. Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: