"Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс". Димаштың командасы Шайдоровты құттықтады

Шайдоров, Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 12:55 Сурет: ru.dimashnews.com, Instagram/isufigureskating
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің командасы мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты 2026 жылғы Олимпиада ойындарының тарихи "алтынымен" құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Instagram-дағы dimash.news парақшасында жазылды:

"Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында тарихи алтын медаль жеңіп алды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жеке сырғанауда Олимпиада ойындарының алтын медалінің иегері атанды. Михаил еркін бағдарламасын Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген орындаған "Confessa" композициясының сүйемелдеуімен орындады. Біз Михаилды осы жеңісімен құттықтап, оған алдағы уақытта да жарқын әрі ұлы жеңістер тілейміз!". Димаш Құдайбергеннің командасы

Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: