"Құжаттардың түпнұсқасын дайындап қойыңыздар". Ел азаматтарына маңызды ескерту жасалды

Құжаттар, e-gov, техникалық жұмыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 14:08 Сурет: Zakon.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ("ҰАТ" АҚ) баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 14 ақпанда қазақстандықтар үшін құжаттардың түпнұсқасына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания өз қызметтері мен жобаларын халыққа ыңғайлы және тиімді ету үшін үнемі жұмыстар жүргізіп отыратынын айтып, сендіреді. Осы мақсатта үнемі техникалық жұмыстар жүргізіледі.

"Осыған байланысты 14 ақпанда сағат 21:00-ден 15 ақпан, 08:00-ге дейін "ҰАТ" АҚ атқаратын жобалар қысқа мерзімге қолжетімсіз болуы мүмкін. Ықтимал қолайсыздықтардың алдын алу үшін "ҰАТ" АҚ барлық қажетті операцияларды алдын ала аяқтауды және егер оларды ұсыну техникалық жұмыстарды жүргізу кезеңінде қажет болса, құжаттардың түпнұсқаларын дайындауды ұсынады", делінген қазақстандықтарға жолданған құлаққағыс хабарламада.

Азаматтарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіріп, қолайсыздықтар үшін кешірім сұралды.

Бұған дейін 2026 жылдың 13 ақпанынан бастап шетелдіктер ХҚКО-да ЖСН ала алмайтыны белгілі болды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: