Нотариустар арқылы орындаушы жазбаны беру тәртібі түзетілді

Нотариус, нотариусы, нотариат, нотариальная контора, нотариальное лицо, печать в документ, печать в документы, подписание документа, подписание документов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 14:13 Фото: freepik
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2026 жылғы 9 ақпандағы бұйрығымен нотариустардың нотариалдық іс-әрекеттерін жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2026 жылғы 6 наурыздан бастап нотариустар орындаушы жазбаны беру тәртібіне жаңа норма енгізілетін болады.

Орындаушы жазбаның көшірмесі борышкерге табыс етілген күннен бастап 10 жұмыс күні өткен соң, пошта арқылы жіберілгені туралы хабарламаға немесе өзге байланыс құралдары арқылы жеткізілгенін растайтын тіркеуге сәйкес және борышкер тарапынан қойылған талаптарға қатысты жазбаша қарсылық түспеген жағдайда, нотариус орындаушы жазбаны өндіріп алушыға береді.

Өндіріп алушы оны "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заң талаптарына сәйкес аумақтық тиесілігі бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына ұсынады.

Сондай-ақ өндіріп алушының өтініші бойынша нотариус орындаушы жазбаны орындау үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіне жолдайды.

Бұйрық 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: