Алматыда әлеуметтік осал санаттағы 49 үй газға қосылды

Газовая плита, газовые плиты, конфорки, газ, подача газа, отключение газа, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 14:39 Фото: pixabay
Алматыда әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жұмысы жүйелі түрде жалғасуда.

2025 жылы 49 тұрғын үй табиғи газға қосылып, тұрғындар қауіпсіз әрі заманауи жылыту жүйесін пайдалануға мүмкіндік алды.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Halyk Bank және Halyk қайырымдылық қорының қатысуымен жүзеге асырылуда. Газға қосылу жұмыстары кезең-кезеңімен және "кілт тапсыру" қағидаты бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтар үшін барлық қажетті жұмыстар мен жабдықтар жоба аясында толық қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар қаланың аудан әкімдіктері мердігер ұйым — "Тараз Агро Пром Сервис" ЖШС-мен бірлесіп, екінші кезектегі тізімді қалыптастыруда. Тұрғындардан құжаттар қабылданып, жаңадан түскен өтініштер бойынша қосымша тексеру тізімі жасалуда.

Бүгінгі таңда қала бойынша табиғи газға қосылған тұрғын үйлер саны 504,7 мыңнан асты. Табиғи газға қолжетімділікті кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: