Аскарбек Ертаев Үкімет отырысында ант берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев 2026 жылғы 17 ақпанда Үкімет отырысында халық пен Президентке адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 11:14 Сурет: видеодан скриншот
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев 2026 жылғы 17 ақпанда Үкімет отырысында халық пен Президентке адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Олжас Бектенов министрді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" заңды орындау мақсатында Үкімет құрамына алғаш рет кіргендіктен ант қабылдауын сұрады.

Аскарбек Ертаев салтанатты түрде:

"Халық пен Президент алдында өз Отанымның экономикалық және рухани дамуына бар күш-жігерім мен білімімді арнауға, Конституция мен мемлекет заңдарын қатаң сақтауға, барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділдік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарын ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, мемлекеттілікті нығайтып, еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы беделін арттыруға ант етемін. Ант етемін!" – деп серт берді.

Еске салайық, Аскарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне 2026 жылғы 27 қаңтарда тағайындалған. Бұған дейін ол бірінші вице-министр лауазымын атқарған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: